Viktor Yefimov’s biography, net worth, fact, career, awards and life story

Intro científicu rusu
A.K.A. Viktor Alekseyevich Yefimov
Is Scientist 
From Russia 
Type Science 
Gender male
Birth 18 May 1948, Pskov Oblast
Age: 72 years
Politics Communist Party of the Soviet Union

Виктор Алексеевич Ефимов (18 мамыр 1948 жыл, Псков облысы) — кеңестік және ресейлік қоғамдық, мемлекеттік және партиялық қайраткер, ғалым, көсемсөзші, шаруагер. Профессор, экономикалық ғылымдарының докторы, техникалық ғылымдарының кандидаты, Санкт-Петербург мемлекеттік аграрлық университетінің (СПбМАУ) бұрынғы ректоры (2005-2016), Санкт-Петербург ЖОО-дарының ректорлар кеңесінің мүшесі.

Тұжырымдамалық билік мәселелері жайлы дәрістер оқуымен күллі Ресейге және Ресейден тыс жаққа танымал.

Өмірбаяны

Виктор Алексеевич Ефимов 18 мамыр 1948 жылы қазіргі Псков облысында дүниеге келді. Мектепті алтын медальмен бітірді. Кейін Ленинградтық мемлекеттік университетінің (ЛМУ) физикалық факультетіне түсіп, 1971 жылы техникалық жоғары білімді алды. Жан-жақты білімін жетілдіруіне байланысты ол Жоғары партиялық мектепте (ЖПМ) 1985 жылы саяси жоғары білімді, Н.А.Вознесенский атындағы Ленинградтық қаржы-экономикалық институтында (ЛҚЭИ) 1994 жылы қаржы-экономикалық жоғары білімді иеленді. Қиыр Солтүстікте взвод командирі болып қызмет етті. Д.И.Менделеев атындағы Метрологияның жалпыресейлік ғылыми-зерттеу институтында (МЖҒЗИ) инженерлік және ғылыми қызмет атқарып, сол жерде аспирантураны бітіріп, диссертацияны қорғады.

1990 жылдан бастап Жалгерлер мен кәсіпкерлердің одағының халықаралық білім беретін бағдарламаларының жетекшісі. Ал 1991-1993 жылдары “Шағын кәсіпорындар дамуының халықаралық оқу-зерттеу орталығы” шағын кәсіпорнының бас директоры және президенті болып жұмыс істеді.

В.А.Ефимовтың 16 жылдан астам уақыт Ресейдің аграрлық өндірісі мен өңдеуші өнеркәсібімен тығыз байланыста. 1993-2005 жылдары Ефимов басқарған кәсіпорындар ауқымды дамуға түсті. “Птицефабрика “Заводская”” ЖАҚ-ның, “Псковский хлебокомбинат” ААҚ-ның, “Петербургский мельничный комбинат” ААҚ-ның, “Каменногорское карьероуправление” ЖАҚ-ның директорлар кеңесінің төрағасы, “Банк развития пищевой промышленности “Вита-банк”” ААҚ-ның басқарма төрағасы, “1-я Петербургская макаронная фабрика” ААҚ-ның бас директоры болды. 1993 жылы “Текобанк” КБ инвестициялары директорының орынбасары болып, ал 1993-1994 жылдары “Лэндбанк” АЖБ-нің вице-президенті болып қызмет атқарды.

2002-2004 жылдары “Бірлесу” тұжырымдамалық партиясы (БТП) төрағасының 1-ші хатшысы болды. 21 қыркүйек 2003 жылы БТП атынан Санкт-Петербург губернаторы лауазымының кандидаты ретінде сайлауға қатысты. Бірінші айналымында 0.83% сайлаушылар дауысын алып, екінші айналымға өтпеді.

2005 жылы Ефимов Санкт-Петербург мемлекеттік аграрлық университетінің (СПбМАУ) ректоры болып тағайындалды. Оның тұсында университет дағдарыстық жағдайдан шығып, белсенді дамуға біржолата шықты. Ол үшін Ефимов университет құрылымын жетілдірді, басқару есебін және қаржылау жүйесін енгізді.

Ефимов жастардың тәрбиесіне, салауатты өмір салтына көп назар аударады. Соған байланысты оның жетекшілігімен 2006 жылы Зерделі-дүниетанымдық жастар орталығы (ЗДЖО) ашылды. Сонымен қатар Ефимов жастар алдында дүниетанымға байланысты көп дәрістер оқиды.

В.А.Ефимов “Құрмет белгісі” орденімен, II дәрежелі “Отан алдындағы қызмет үшін” медалімен, еңбек үзділігінің алтын белгісімен, “Стандарттаудағы еңбек үшін” омырау белгісімен (1985), “2006 жылдың Бүкілресейлік ауылшаруашылықтық санағын өткізудегі қызметі үшін” медалімен (2006), “Ресейдің агроөнеркәсіптік кешенінің дамуына қосқан үлесі үшін” РФ АШМ-нің алтын медалімен және т.б. марапаттарға ие.

Еңбектері

  • “Тұжырымдамалық билік. Аңыз ба, шындық па?” (2003);
  • “Экономикалық әліппе” (2003);
  • “Көз ашу” (2004);
  • “Жаһандық басқару және адам. Матрицадан қалай шығу керек” (бұрыңғы атауы: “Суқұйғыш заманының бағыты. Ақырзаман немесе кейіп өзгерісі”) (2011).

Дереккөздер

You May Also Like

Yang Huiyan’s net worth, biography, fact, career, awards and life story

Yang Huiyan net worth: Yang Huiyan is the major shareholder of Country Garden Holdings and one of the wealthiest people in Mainland China. Yang Huiyan has a net worth of $24 billion. Born to the founder and chairman of real estate developer, Yeung Kwok Keung, she received 70% of Country Garden’s shares from her father before its stock market launch in 2007. The same year she was named the wealthiest person in China with a net worth of $16.2 billion. Even though her fortune has dropped dramatically in 2008/2009, 2012 was a busy year for the company. As of June, 2012 Country Garden was working on 110 projects, most of which were in its home base of Guangdong Province. Additionally, 17 hotels were joined to the other 29 that the company already owns or operates, mostly under the Phoenix brand. The Ohio State University graduate turned billionaire, is currently married and she is one of the wealthiest people in Mainland China. Net Worth details: Yang Huiyan owns a 57 percent stake in the real estate developer Country Garden Holdings. The company was co-founded by Yang’s father in 1992 and she owns her stake through three holding companies in the British Virgin Islands. Country Garden Holdings is located in Foshan, China and reported revenue of $18 billion in 2015.
Read More